26 Маусым, 17:35
Әйелді ерте қартайтатын төрт гормон: олардың ағзаға әсері қандай?15 шілде күні БҚО туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасында тірек-қимыл жүйесі бұзылған және көзі нашар көретін мүгедек спортшылар арасында өткен ҚР ІV спартакиадасының жеңімпаз-жүлдегерлері марапатталды.
Басқарма басшысы Азамат Бекет мүгедек спортшыларды табыстарымен құттықтап, алдағы уақытта да сәттілік тіледі.
Аталмыш жарыста БҚО-дан 30 спортшы жүзу, үстел теннисі, жеңіл атлетика, арбада билеу және ауыр атлетикадан сынға түскен. Биыл спартакиадаға алғаш рет арбаға таңылған мүгедектер билеуден өнер көрсетті. Бұл ретте батысқазақстандық жұп Назгүл Байтүменова мен Қайрат Нұғмановқа тең келер ешкім болмады. Суда жүзуден Руслан Өтебалиев үш бірдей алтын медальға қол жеткізді. Сондай-ақ бенчпрестен Любовь Домбрина күміс, жеңіл атлеттер Бекет Шурин күміс, Мұрадым Қабдолов пен Қуаныш Жұмашев қола, Руслан Бегіналиев жеңіл атлетикадан күміс, жүзуден күміс пен қола, Михаил Бычковский жүзуден қос күміс, теннистен Жанбол Ғалиев пен Гүлмира Батпаққұлова қола жүлдені еншіледі. Бенч-престен дені сау адамдар арасында сынға түсіп, екінші және үшінші орынды иеленген Құбайдолла Хасанов пен Сағынғали Айтқалиев те құрметке лайық.
Жалпыкомандалық есепте батысқазақстандықтар 11-орынға табан тіреді.
БҚО мүгедектер қоғамының төрағасы Жұмажан Қожжановтың айтуынша, өңірде 22 мың мүгедек болса, соның 1300-і спортпен айналысады. Облыста мүгедектер арасында жүзу, үстел теннисі, шахмат, дойбы, волейбол, пауэрлифтинг сынды спорт түрлері жақсы дамыған.
ҚазАқпарат.
26 Маусым, 17:35
Әйелді ерте қартайтатын төрт гормон: олардың ағзаға әсері қандай?26 Маусым, 12:33
Grand Prix: Ғұсман Қырғызбаев пен Хифуми Абе финалда күреседі25 Маусым, 17:11
«Мәңгілік жасайтын өлең – шындықпен жазылған өлең»: ел сүйген «Бала Жамбыл» қайда жүр?23 Маусым, 16:14
Жазда шаш үлгісіне сән беретін ерекше әшекейлер