15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары46 жасар Мексика президенті Энрике Пенья Ньето Мехикодағы саябақтардың бірінде өткен 10 шақырымдық бұқаралық жүгіруге қатысты, деп хабарлайды мексикалық ақпарат құралдары.
1 нөмірлі спорттық киім киген мемлекет басшысы 10 шақырымдық жолды бас-аяғы 54 минутта жүгіріп өткен.
Жүгіру кезінде президенттің жанында сақшылары мен елдің қорғаныс министрлігі бас штабының бастығы еріп жүрді. Алайда, бас штаб бастығы 5 шақырымнан әріге бара алмай, бас қолбасшыдан қалып қойды.
Molino del Rey эстафетасы Мехикода жыл сайын өткізіліп тұрады. Шараны өткізудегі негізгі мақсат – жергілікті халыққа салауатты өмір салтын насихаттау. Президент жеңімпаздарды марапаттай келе, мексикалықтардың әлемдегі ең семіз халық атанғанын өкінішпен тілге тиек етті. Ол өз отандастарын спортпен айналысып, жеген тамақтарына жіті мән беруге шақырды.
Baq.kz
15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары15 Қазан, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады