15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары
Италия Республикасы ағымдағы жылдың мамыр айында Алма Шалабаева мен оның қызын Қазақстанға көшіру туралы шешім шығарған болатын. Үкімет бұл шешімінен бас тартты», - делінген СІМ хабарламасында.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, шетелдік азаматтарды елден көшіру туралы шешім шығару Италия Республикасының ішкі мәселесі.
«Мемлекеттік органдар көшірген шетелдік азаматтарға белгілі уақыт аралығында ол елге кіруге тыйым салынады. Алма Шалабаева мен оның қызын көшіру туралы шешімінен бас тартуы, біздің пікірімізше, Италия Үкіметі оларға алдағы уақытта елге келуіне құқық берді деген сөз», - делінген баспасөз парағында.
СІМ хабарлауынша, ҚР заңнамасы тұрғысынан қарағанда, Алма Шалабаева мен оның қызын еліне қайтарумен байланысты барлық нормалар мен рәсімдер сақталуы керек болатын.
«Қазіргі кезде Алма Шалабаеваның Қазақстан Республикасының заңнамасында және халықаралық құқық бойынша ескерілген барлық құқықтары мен бостандықтары толығымен сақталып отыр және ҚР құқық қорғау органдары алдағы уақытта олардың сақталатынына кепілдік береді», - деп хабарлайды құзырлы орындар.
Baq.kz
15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары15 Қазан, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады