Кеше, 17:35
Әйелді ерте қартайтатын төрт гормон: олардың ағзаға әсері қандай?Қазақстан Парламенті Мәжілісінің экс-депутаты Бақыт Сыздықова Ресейдегі шіркеулердің біріне кіре бергенде, шіркеу қызметкерлері оны христиан емессің деп қуып шыққан.
«Мен жуырда Ресейдегі шіркеулердің біріне кірдім. Шіркеу қызметкерлері: «Сен христиан емессің, сондықтан саған мұнда кіруге болмайды, шық», деп шіркеуден қуып шықпақшы болды. Алайда, абырой болғанда, жанымда христиан досым бар болатын. Ол шіркеу басшысына: «Қазақстанда кез келген адамға – мейлі ол мұсылман, мейлі буддист, мейлі католик болсын – шіркеуге кіруге тыйым салынбаған. Мен, мәселен христиан болсам да, емін-еркін мешітке кіріп-шыға беремін», деді. Мен қалай шоқыну керектігін де білетінімді, тіпті Иерусалимді тауап еткенімді және Христиандардың ең киелі орындарында болғанымды айттым. Сонан соң кішкене жібігендей болып, соңында шіркеуге кіргізді. «Дей тұрғанмен, сен кеткен соң шіркеудің ішін аластап шығам», деп ескертті. Мен кеткен соң, ол расында шіркеуді аластап, қасиетті сумен артымнан бүркеп жатты», - дейді Сыздықова.
Осы жағдайдан кейін экс-депутаттың еліне деген сүйіспеншілігі мен мақтанышы арта түсті: «Қазақстанда мұндай сұмдықты көрмеппін. Мен осындай көп ұлтты, қонақжай және доскөңілді елде тұратынымды мақтан етемін», - дейді Сыздықова.
Baq.kz
Кеше, 17:35
Әйелді ерте қартайтатын төрт гормон: олардың ағзаға әсері қандай?Кеше, 12:33
Grand Prix: Ғұсман Қырғызбаев пен Хифуми Абе финалда күреседі25 Маусым, 17:11
«Мәңгілік жасайтын өлең – шындықпен жазылған өлең»: ел сүйген «Бала Жамбыл» қайда жүр?23 Маусым, 16:14
Жазда шаш үлгісіне сән беретін ерекше әшекейлер