6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚарағанды облысы тұрғындарының 28 пайызы жағдайларының бұрынғыдан нашар екенін айтқан. Бұл мәліметті облыстық статистика департаменті таратты.
2013 жылғы маусымның соңында статистика органдары жеке үй шаруашылықта және еліміздің экономикалық жағдайының өзгерістері туралы олардың субъективтік пікірлерін анықтау мақсатында облыс тұрғындарына сұрау жүргізген.
Сұралған респонденттердің жартысының пікірі бойынша еліміздегі жалпы экономикалық жағдай өткен 12 айда айтарлықтай өзгерген жоқ. Жағдайдың жақсарғандар 13%, нашарлағандар - 28%.
Алдағы айларда экономикадағы оң өзгерістерді респонденттердің 12%-ы, жағдайдың нашарлауын – 19%-ы болжады. Пікірлері бойынша ешқандай өзгерістер болмайтынын сұралғандардың 53%-ы атады, 16% бұл сұраққа жауап беруге қиынсынған. Бір жыл бұрын респонденттердің 14%-ы жақсаруды, сұралғандардың 17%-ы жағдайдың нашарлауын болжаған.
Таяудағы уақытта өз отбасындағы әл-ауқаттың өсуін респонденттердің 10%-ы болжаған. , Нашарлауы бойынша қауіптенетіндер 12%-ы құрайды. Сұралған тұтынушылардың 64%-ы ешқандай қаржылық өзгерістерді күтіп отырған жоқ, 14% қандай да болжау жасаудан бас тартқан.
Baq.kz
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі