6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерЕсілі сарқыраған, мың бір шырақ түні жарқыраған, ғимараттары көк аспанмен таласқан, даласына қаласы кеп жарасқан, сұлу да, сымбатты, асыл да, қымбатты Астана. Астананың сұлулығын қаласымен де, даласымен де, ғимаратымен де, халқымен де есепке алса болар. Бірақ, ғасыр ғажабынан жаралған жас қаланың, яки «Астананың ең үздік келбетін» анықтау үшін El.kz жастар әлеуметтік желісінде көзі қырағы, санасы сергек, сұлулықты «сырт» еткізіп суретке түсіріп алатын жандардың арасында фотоконкурс ұйымдастырылды. Бір айға созылған байқауға 31 жұмыс келіп түсті.
Сол жұмыстардың арасында абаттанған Астананың көркін асырып, мерейін өсіретін жұмыстар да жоқ емес. Шабыт шақырған шаһардың күнгейінен, теріскейінен, оңтүстігі мен солтүстігінен, төбесінен түсірілген, шаңқай түсте, мақпал түнде, сықырлаған аязда, шіліңгір шілдеде нысанаға іліккен келбетін байқауымызға келіп түскен фотолардан анық аңғарасыз. Сол әсем қаланың үздік келбетін тануға тырысқан жандардың арасынан жүлдеге іліккендер төмендегілер:
1. Сұлтан Сейітов, Астана.
2. Мұхитдин Талғат, СҚО.
3. Қарсамов Руслан, Астана.
Жүлдегерлерді марапаттау рәсімі 23-шілде күні өтеді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі