30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыВедомствоның атап өтуінше, кеше кешкі сағат 22-00 шамасында Астана қалалық ІІД Жедел басқару орталығына қалалық ауруханадан басына оқ тиген 5 жастағы бала жеткізілгендігі туралы хабарлама түскен. Полиция қызметкерлері жүргізген жедел тергеу амалдары барысында 1966 жылы дүниеге келген В. есімді азамат атқан оқ балаға тигендігі белгілі болды.
Аталған азаматтың сөзіне қарағанда, ол сағат 21-30 шамасында бақшасына кіріп кеткен қоянды калибрі 12-мм-лік «Бекас 12М авто» мылтығымен атқан. Бір рет оқ атқаннан кейін патрондағы бытыралардың бірі жеке тұрғын үйдің металл қоршауын тесіп өтіп, дәл осы сәтте ата-анасымен үйге келе жатқан балаға тиген.
Медициналық тексеру қорытындысына сәйкес, баланы жаралаған азамат В. Ішімдік ішпеген. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталу үстінде.
ҚазАқпарат.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды