6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер9 шілдеде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың Вашингтонға ресми сапары барысында ҚР мен АҚШ арасында өзара түсіністік қағидаты негізінде 5 жылға дейін жарамды көп реттік визалар беру туралы уағдаластықтың күшіне енуіне орай, екі ел өкілдері ноталармен алмасты. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен хабарласты.
Қазақстан мен АҚШ 1 тамыздан бастап жарамдылық мерзімі 5 жылға дейін жарамды көп реттік дипломатиялық, қызметтік, іскерлік, туристік, жеке және студенттік визаларды бере бастайды. Бұрын виза беру мерзімі 1 жылдан аспайтын.
Аталған уағдаластық Қазақстан мен Америка арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі дамытуға, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени-гуманитарлық, туристік және басқа да байланыстарды нығайтуға, сонымен қатар, екі ел азаматтарының өзара сапарларын мейлінше жеңілдетуге бағытталған.
Baq.kz
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі