30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыСағындыра жеткен Қасиетті Рамазан айының құрметі үшін Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен жедел сенім телефоны ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде де орнатылды.
Қызылорда халқы мен қонақтары үшін рамазан айына байланысты көкейлерінде жүрген қандай да бір сұрақтарына жауап алу мақсатында 8 (7242) 21-47-45 номері қызмет атқарады. Бізге қойылған әрбір адамның сұрағы маңызды болғандықтан, бұл желіде білікті де білімді имамдар 1 ай бойы тұрақты жауап беріп отырады.
Сондай-ақ, рамазан айы туралы жиі қойылатын сұрақтардың топтамасы тұшымды жауаптармен жинақталып, "Қасиетті Рамазан мүбарак болсын!" атауымен басып шығарылды. Кітаптар жұртшылыққа тегін таратылады. Сонымен қатар, кітапшада Дінбасы Ержан қажы Малғажыұлының үндеуі, Бас имам Талғат Сейіткәрімұлының «Рамазанда Жәннат есігін қақ!» атты мақаласы және ораза кестесі қамтылған.
Baq.kz
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды