6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚазақстандық боксшы Мерей Ақшалов Азия чемпионатында жеңімпаз атанып, ел қоржынына үшінші алтын медальді салды. Бұл жайында Vesti.kz хабарлайды.
64 келі дейіңгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған жерлесіміз финалда Моңғолия боксшысы Мункх-Эрден Уранчимегпен қолғап түйістірген. Үш раундтың нәтижесінде төрешілер жеңісті Мерейге ұстатты.
Айта кетейік, бұл Қазақстан Ұлттық құрамасының Азия біріншілігіндегі үшінші алтын медалі. Бұған дейін Теміртас Жүсіпов (49 келі) Үндістанның үміті Девендро Лайшрамды тізе бүктірсе, Берік Әбдірахманов 60 келіде чемпион атанды.
Естеріңізге салайық, Иордания астанасы Амманда бокстан Азия біріншілігі өтуде. Әзірге байрақты бәсекенің финалына жолдама алған 8 қазақстандық боксшының үшеуі шаршы алаңға көтеріліп, кезесулерін жеңіспен аяқтады. Бүгін ақтық сындағы бақтарын сондай-ақ, Данияр Елеусінов (69 келі), Жәнібек Әлімханұлы (75 келі), Әділбек Ниязымбетов (81 келі), Антон Пинчук (91 келі) және Иван Дычко (91 келіден жоғары) қорғамақ.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі