6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерБүгін Астанада «Атамекен» этномемориалдық кешенінде салтанатты неке қию рәсімі өтіп, 37 жұп отау құрды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
Алтыншы рет өткізіліп отырған неке қию рәсімінің мақсаты - Елорда тұрғындарының отансүйгіштік қасиеттерін, өз қаласына деген махаббатын арттыру және жас жұбайларға ұмытылмас мереке ұйымдастыру.
«Бұл шара Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетовтің бастамасымен іске асырылуда. Алтыншы жыл қатарынан өткізіп жатырмыз және жыл сайын оған деген қызығушылық арта түсуде. Мереке күні біз орташа есеппен 30-50 жұптың некесін қиямыз», - деді Астана қаласының Әділет департаментінің бөлім басшысы Гүлнара Сағындықова.
Оның айтуынша, жазда күнделікті отау құратын жұп саны шамамен жүзге жуық көрінеді. Ал бүгінгі мереке күні 37 жұп шаңырақ көтеріп отыр.
«Бұл - жас жұбайлардың өміріндегі ерекше оқиға. Астана қаласы күні, Прездентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күнінде жастардың неке қиюының өзі үлкен құрмет, әрі бір жағынан үлкен жауапкершілік деп есептеймін», - деп өз пікірін білдірді ол.
Жас жұбайларға салтанатты түрде неке куәліктері табыс етіліп, жылы лебіздер мен тілектер білдірілді.
«Барша қазақстандықтар, тұтастай ел болып атап өтіп жатқан мереке күні біздің отбасы құрып отырғанымыз - үлкен қуаныш. Біз барлық отандастарымызды Астана күні мейрамымен құттықтаймыз», - деді бізге сұхбат берген жас жұбайлар Дархан және Бақытгүл Қасеновтар.
Baq.kz
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі