30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыОңтүстік Қазақстан облысы Астана күні мерекесіне орай бірқатар іс-шаралар өткізуде. Солардың қатарында ашылып жатқан әлеуметтік нысандар да бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атап айтқанда, Елбасының тапсырмасы бойынша «Балапан» бағдарламасы аясында Қазығұрт ауданында Астана күнінің 15 жылдық мерекесіне орай аудандық бюджеттің қаржыландырылуымен мемлекеттік екі балабақша ашылды. Бұл туралы ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарланды.
Аталған нысанның бірі Рабат елді мекеніндегі 100 орындық «Кәусар» балабақшасы. 2012 жылдың мамыр айында басталған балабақша құрылысы биыл Наурыз айында аяқталған. Аудандық бюджеттен нысанның құрылысына 1 млн. 643 мың теңге бөлінді.
Ал «Сынтас» елді мекеніндегі 50 орындық «Балбөбек» балабақшасының құрылысы 2012 жылдың маусым айында басталып, биыл мамыр айында толық аяқталды. Бұл балабақшаға аудан бюджетінен 8 млн. 55 мың теңге бөлініп, қаржы толығымен игерілді. Ауданда жалпы мектепке дейінгі балаларды балабақшамен қамту көрсеткіші 60,8 пайызды құрап отыр.
Мерекелік іс-шаралар жалғасуда.
бақ.кз
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды