Кеше, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыАстанада Орталық коммуникациялар қызметі жанында Қазақстанның даму болашағы мәселелері бойынша Дөңгелек үстел өтіп жатыр, деп хабарлайды BNews.kz.
«Біз ОКҚ алаңында отандық және шетелдік сарапшылардың, ғалымдардың, саясаттанушылардың қатысуымен жаңа пікірталас форматындағы жұмысты бастап отырмыз. Өздеріңізге мәлім, 28 маусымда Мәскеуде «Болашақ 2050: әлемнің жаңа экономикалық картасы» баяндамасы оқылды. Баяндаманы «Дағдарыстан кейінгі әлем институты» қоры әзірледі. Бұл тәуелсіз сараптамалық орталық Мәскеуде 2009 жылы құрылған болатын», - деді ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев.
Зерттеу жұмысы биыл ақпан-мамыр айларында жүргізілді. Оған 63 елдің 303 сарапшысы қатысқан. Сауалнамаға ТМД елдері, Батыс және Шығыс Еуропа, Азия елдері, Таяу Шығыс, Африка, Латын Америкасы, АҚШ, Канада, Австралияның экономистері мен қаржылық сарапшылары, жетекші компаниялардың иелері мен топ-менеджерлері, журналистер, ғалымдар, саясаткерлер мен шенеуніктер тартылды.
Baq.kz
Кеше, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыКеше, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады