Кеше, 17:35
Әйелді ерте қартайтатын төрт гормон: олардың ағзаға әсері қандай?Әлемде келер толқын бүгінгі ұрпақтан нашар өмір сүреді деген сенім нығая түсуде. Бұл жөнінде бүгін «Болашақ – 2050: әлемнің жаңа саяси-экономикалық картасы» баяндамасының таныстырылымында ресейлік «Дағдарыстан кейінгі әлем институты» қорының басшысы Екатерина Шипова мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Бүгінде сарапшылық қауымдастықтың пессимистік көзқарасы басым. Аз ғана адам прогресті көреді. Басты себеп, әрине, соңғы экономикалық дағдарыс. Әлемде келер толқын бүгінгі ұрпақтан нашар өмір сүреді деген сенім нығая түсуде. Адами капиталға, еңбек ресурстарының кәсібилігі мен мотивациясына көбірек көңіл бөлінуде. Дағдарыс басталғалы елдің алға жылжуындағы мемлекеттің рөлі жөнінде басым айтылып жүр», - деді Шипова.
«Әлемнің қайта құрылуы бүгінгі күнгі басты сын-қатер аясында жүреді. Бұл табиғи ресурстардың тапшылығы. Біріншіден, көмірсутекті шикізат, сондай-ақ ауыз су мен азық-түлік. Екінші қатер – бұл экологиялық мәселелер. Мұнымен қатар, экономикалық дағдарыс күн тәртібінен түспейді», - деп толықтырды ол.
Айымгүл ӘБІЛЕВА
Кеше, 17:35
Әйелді ерте қартайтатын төрт гормон: олардың ағзаға әсері қандай?Кеше, 12:33
Grand Prix: Ғұсман Қырғызбаев пен Хифуми Абе финалда күреседі25 Маусым, 17:11
«Мәңгілік жасайтын өлең – шындықпен жазылған өлең»: ел сүйген «Бала Жамбыл» қайда жүр?23 Маусым, 16:14
Жазда шаш үлгісіне сән беретін ерекше әшекейлер