Кеше, 17:35
Әйелді ерте қартайтатын төрт гормон: олардың ағзаға әсері қандай?Алматы метро стансаларында орындықтар орнатылып жатыр, деп хабарлайды «МультиМедиаСервис» компаниясының баспасөз қызметінен.
Қазір Абай стансасында 3 орындық орнатылды. Қалған стансаларға қойылатын орындықтар өндіріс орнында дайындалып жатыр. Жалпы саны 21 орындық шығарылып «Абай», «Байқоныр», «Әуэзов атындағы драма театр», «Жібек жолы», «Алмалы» стансаларының әрқайсысына 3 орындықтан және «Алатау» стансасына 6 орындық орнатылады.
«Орындықтың дизайны лаңкестіктен қорғау нормаларының талаптарына сәйкес жасалды. Материалдың түсі әрбір стансаның түсіне үйлесімді етіп таңдалған», - дейді компания өкілі.
Бұрын хабарлағанымыздай, 1 миллионыншы жолаушы метроға 2012 жылдың 18 қаңтарында келген болатын, ол 27 жасар Әділжан Псяев. Ал 10 миллионыншы жолаушы биылғы жылы шілде айында келеді деп болжанған. Алматы жерасты желісінің бірінші кезегі 2011 жылдың 1 желтоқсанында іске қосылды. Оның ең бірінші жолаушысы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Дәл сол күні метро қала тұрғындарына пайдалануға берілді.
Baq.kz
Кеше, 17:35
Әйелді ерте қартайтатын төрт гормон: олардың ағзаға әсері қандай?Кеше, 12:33
Grand Prix: Ғұсман Қырғызбаев пен Хифуми Абе финалда күреседі25 Маусым, 17:11
«Мәңгілік жасайтын өлең – шындықпен жазылған өлең»: ел сүйген «Бала Жамбыл» қайда жүр?23 Маусым, 16:14
Жазда шаш үлгісіне сән беретін ерекше әшекейлер