6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерКТК телеарнасы бүгін көрермендерінің назарына Астана күніне орай Елбасының өміріне арналған "НАЗАРБАЕВ. LIVE" атты бірегей туындысын ұсынбақ.
КТК телеарнасының бастауымен жарыққа шыққалы жатқан «Назарбаев лайф» деректі фильмінің режиссері көпшілік қауымға « Рэкетир», «Адасқандар» және «Жаужүрек мың бала» фильмдері арқылы танымал кинорежиссер Ақан Сатаев. Ол Елбасы жайында түсірілген бұл фильм өзге фильмдерден ерекше болатындығын және мұнда көрермен ешқашан экранға шықпаған мұрағаттық кадрларды көріп, Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолын шынайы көру мүмкіндігіне ие болады дейді.
Деректі фильмнің түсірілім тобы сонау 1940 жылдың 6 шілдесіндегі Алматы облысы, Шамалған елді мекенінен Алматы, Бішкек, Зыряновск, Теміртау бағытында ұзақ сапар шеккен. Назарбаевтың балалық шағынан бүгінгі күніне дейінгі өмірін көрсетуде оның сол уақытта жүрген жерлерін, тұрған үйінің барлығын дәлме-дәл жасау үшін 30-дан астам маман жұмылдырылған.
«Назарбаев лайф» - бұл ешқандай пафоссыз, керісінше шынайы, әрі әсерлі эмоцияларға құрылған фильм. Президентті дәл осылай көрермен әлі көрмеген!
Baq.kz
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі