6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚР Көлік және коммуникация министрлігі тұрғындардың көптеген өтініштерін ескере отырып, Астана күнін тойлау қарсаңында Астанадан қатынайтын бағыттардың ішінде үлкен сұранысқа иелеріне жаңа теміржол құрамын шығару мәселесін шешті.
2013 жылғы 5 шілдеде Астана – Бурабай курорты бағытында жүрдек пойыз жолға шықпақ. ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас комитеті мамандары жаңа құрамның жолаушыларға жайлы, әр қайсысы 56 орындық 6 вагоннан құралғанын айтады. Пойыз аптасына үш рет: жұма, сенбі, жексенбі күндері қатынайды. Жүру уақыты – 3 сағат 55 минут. Астана қаласының вокзалынан кешкі сағат 21:10 минут өткенде жүріп кетеді.
Сондай-ақ, 2013 жылғы 8 шілдеден бастап Астана – Павлодар бағытындағы жаңа құрам да жолға шығады. Бүгінгі күні аталған бағыт бойынша аптасына 4 рет: бейсенбі, жұмы, сенді және жексенбі күндері қатынайтын пойыз бар. Ал, жаңа жүрдек жолаушылар құрамы күн сайын қатынайтын болады және жолаушыларға барлық жағдай жасалған 6 вагонмен жабдықталған. Астана қаласының теміржол вокзалынан сағат 18:40-та жүріп кетеді, ал жолда жүру уақыты 6 сағат 28 минутты құрайды.
Baq.kz
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі