30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты«Олимпиада ойындарында еліміздің спортшысы А.Винокуров жеткен жетістік, жалпы елімізде велоспорттың дамуына дем берді. Жастарымыз көптеп бұл спортқа бет бұра бастады. Біз де салауатты өмір салтын қалыптастыруға өз үлесімізді қосу мақсатында мекеме қызметкерлеріне арнап, велотұрақ ашып отырмыз. Бұл игі дәстүр басқа мемлекеттік органдарда жалғасын табады деп сенемін», - деді министр Ерлан Ыдырысов.
«ASTANA EXPO-2017» ұлттық компаниясының өкілі Ақмарал Омарованың айтуынша, 2017 жылы Астанада өтетін халықаралық көрменің құрметіне 15 маусым күні Францияның Савойя қаласында «The Sun Trip: EXPO-2017 Астанаға сапар» атты велошеру басталды. Айтулы шараға Бельгия, Швейцария, Канада, Чехия және Франция елдерінен 33 спортшы қатысады. 3 айға созылатын шеруде велосипедшілер 7000 шақырымды жүріп өтіп, шараны тамыз айында Астанадағы «Бәйтерек» монументі жанында аяқтайды.
Велотұрақ салтанатты түрде ашылып, соңы «Бәйтерек» монументі алаңында бұқаралық велошеруге ұласты. Шараға «Астана» командасының велошабандоздары қатысты.
Baq.kz
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды