Роботтар арасында футболдан әлем чемпионаты өтті

2 Шілде 2013, 04:19

Нидерландыда роботтардың арасында футболдан әлем чемпионаты өтті деп хабарлайды 24 kz. Электронды спортшылар Робакубтың бәйгесі үшін бақ сынауда. Жарысқа АҚШ, Қытай, Бразилия және басқа елдерден командалар келген. Құлтемірдің түрлері де әр алуан: адамға ұқсайтындары да, төртбұрыштылары да бар. Бұл доданың басты ерекшелігі - ойынға роборттардың қожайындары қатыса алмайды. Адамдардың көмегінің орнына роботтар жасанды ақыл-ойға жүгініп, допты өздері жылжытады. Құлтемірлердің бағасы да әртүрлі. 5 мыңнан бастап 35 мың долларға дейін. Сайыстың бұл түрі 2050 жылға қарай кәдімгі әлем чемпионатынан кем соқпайтынына жарысты ұйымдастырушылар сенімді. Baq.kz

Нидерландыда роботтардың арасында футболдан әлем чемпионаты өтті деп хабарлайды 24 kz.

Электронды спортшылар Робакубтың бәйгесі үшін бақ сынауда. Жарысқа АҚШ, Қытай, Бразилия және басқа елдерден командалар келген. Құлтемірдің түрлері де әр алуан: адамға ұқсайтындары да, төртбұрыштылары да бар. Бұл доданың басты ерекшелігі - ойынға роборттардың қожайындары қатыса алмайды. Адамдардың көмегінің орнына роботтар жасанды ақыл-ойға жүгініп, допты өздері жылжытады. Құлтемірлердің бағасы да әртүрлі. 5 мыңнан бастап 35 мың долларға дейін. Сайыстың бұл түрі 2050 жылға қарай кәдімгі әлем чемпионатынан кем соқпайтынына жарысты ұйымдастырушылар сенімді.

Baq.kz

Бөлісу: