6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерБәсекенің бұл күні спортшыларымыз екі алтын мен үш қола еншіледі.
Компьютерлік ойындар (е-спорт) бойынша өткен сында қазақстандық Александр Кравченко Азия ойындарының чемпионы атанды. Ол финалда өзбек Сардорбек Абдуллаевты ұтты. Қола вьетнамдық Ие Ван Нгуенге бұйырды. Сондай-ақ қазақстандықтар бұл спорт бойынша командалық жарыстың қола жүлдесін иеленді. Алтын мен күміс Корея және Тайпейде.
Қысқа қашықтыққа жүзу сынында да қоржынымыз бос емес. 100 метрге баттерфляй әдісі бойынша жүзуде Элвира Айғалиева Азия ойындарының чемпионы атанды. Бұл қашықтықтың күмісі мен қоласы, тиісінше, кореялық Джинуонг Пак пен гонконгтық Сзе Ханг Юдің еншісінде.
Роман Трусов (ерлер арасында) мен Евгения Руденко (қыздар арасында) елу метрге кешенді жүзу бойынша, Александр Тарабарин шалқалап жүзуден қола жүлдеге ие болды, деп жазады «Аламан».
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі