6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер
Конфессияаралық ұйымның негізін қалаған Mypeace Дия Мұхаммед The Australian-ға берген сұхбатында былай деп мәлімдеді: «Ардақты Мұхаммед Пайғамбар (с.ғ.с.)-ның өмірде кім болғаны, неліктен мұсылмандар Пайғамбарды соншалықты құрметтейтіні жайлы баяндалады. Австралиялықтардың көбі Мұхаммед Пайғамбар (ғ.с.)-ды біле бермейді және де сол білместіктің нәтижесінде жалған ақпарат тарамас үшін, біз осындай іс-шараны ұйымдастырдық».
Ұйымның жоспарлауынша, 9 шілдеден бастап, Рамазан айының соңына дейін бірнеше бөлімдерден тұратын роликтер телеарналардан көрсетіледі. Бұл роликтерде белгілі қоғам қайраткерлерінің Мұхаммед Пайғамбар (с.ғ.с.) туралы айтып кеткен сөздері жазылып көрсетіледі. Атап айтқанда, Махатма Гандидің, Бернард Шоудың сөздерін австралиялықтар 30 секундтық роликте тамашалай алады.
Тоқтала кетсек, Махатма Ганди пайғамбар жайлы мынандай сөздерді айтып кетті: «Миллиондаған адамдарды дінге шақырып, бүкіл адамзатқа үлгі болған пайғамбардың (с.ғ.с.) өмірімен жақын танысқым келеді. Алла тағаланың Елшісі халықты зорлықпен емес, өзінің кішіпейілділігімен және адалдығымен, батылдылығымен ислам дінін қабылдауға шақырды».
Бернард Шоу өзінің естелігінде Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) дінін қадірлейтіндігі, қай уақыт болса да бұл діннің маңызы зор екендігіне көзі жеткендігін айтқан. Бернард Шоу Пайғамбарымызға «Адамзаттың құтқарушысы» деп баға берген екен.
ҚазАқпарат.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі