23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіҰлыбритания патшайымы ІІ Елизавета белгілі киноактриса Кейт Уинслетке Британ империясының орденін тапсырды, деп хабарлайды Би-Би-Си телерадиокорпрорациясы.
Голливуд жұлдызы бұл сыйлықты киноматография саласын дамытуға қосқан үлесі үшін иеленіп отыр.
Ресми деректер бойынша, Ұлыбританияның ең жоғары мемлекеттік наградаларының бірі болып табылатын орденнің биылғы иелерінің тізімі маусым айында белгілі болған. 21 қараша күні Букингем сарайында өткен салтанатты шарада аталған орденді Take That тобының мүшесі Гэри Барлоу мен скрипкашы Тасмин Литтл да патшайымның өз қолынан алу құрметіне ие болды.
Актриса Кейт Уинслеттің есімі Джеймс Камеронның атақты «Титаник» картинасы («Titanic», 1997) арқылы көпшілікке кеңінен танымал. Бұл фильмде ол Леонардо Ди Каприомен бірге басты рөл – ақсүйектер қауымынан шыққан ару Розаны сомдап, 1998 жылы Америка Киноакамедиясының «Оскар» сыйлығына ие болды. Бұдан бөлек ол 2005 («Вечное сияние чистого разума» фильмінде), 2009 жылдары («Чтец») ең үздік әйел рөлдерін сомдағына үшін «Оскар» сыйлығын иеленген болатын.
Дереккөзі: www.ria.ru
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады