6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер
"Сиқырлы" шұлық адамның күнделікті жұмсаған калориясын, жүрек соғысы мен оған түскен күшті есептеп отырады. Құрылғыны Heapsylon компаниясының мамандары ойлап тауыпты. Sensoria деген атауға ие болған шұлықтың матасы табандағы жүйке талшықтарына әсер ету арқылы денсаулықты жақсартатын көрінеді.
Ал негізгі жұмысты шұлықтан бөлек орналасқан жеңіл браслет атқарып тұр. Ол тобыққа киюге арналған. Bluetooth-дің көмегімен өзі "жинаған" бүкіл ақпаратты компьютер немесе смартфонға жіберіп отырады. Сондай-ақ, спортшыларға таптырмайтын бірден-бір "көмекші" құрал артық жарақаттардан сақтану үшін де қажет.
Heapsylon компаниясының аталмыш жобасын өркендету үшін еріктілер өз қалталарынан қаржы қосуда. Бүгінгі таңда Sensoriа үшін 87 мың доллар жиналыпты. Бұл сома өнімді нарыққа шығаруға әбден жетеді. Десек те, денсаулыққа пайдасы зор шұлықтың кең таралуына үлес қосамын дегендерге рұқсат деп отыр оны ойлап шығарушылар.
bnews.kz
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі