23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіБелгілі кинорежиссер Тимур Бекмамбетовтің Алматыда жеке кинотеатрын ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.
Бұл кинотеатрдың ерекшелігі оның көрермендерің репертуарды өздері құрастыра алатындығында болып табылады. Яғни, көрермендер арнайы порталда өздері көргісі келетін фильмдерге дауыс беру арқылы кинотеатрдың репертуарлық саясатына тікелей ықпал ете алады.
Кинотеатрда коммерциялық және авторлық картиналар көрсетілетін болады.
Кино түсіру өндірісінде өзіндік стилі қалыптасқан қазақ режиссері жаңа жобасы шеңберінде өзінің қазақстандық, ресейлік және шетелдік әріптестерін көрермендермен кездесуге шақыруға жоспарлап отырғандығын жеткізді. Кинотеатрда алғаш рет бірыңғай электронды билеттер жүйесін енгізу жоспарланып отыр, бұл өз кезегінде кинотеатрдың қаржылық есептілігінің жариялылығын қамтамасыз ететін болады.
Сонымен қатар, Бекмамбетов желтоқсан айының соңында өзінің соңғы екі жобасының – «Қар ханшайымы» мультфильмі мен Александр Серыйдің белгілі «Сәттілік джентельмендері» («Джентльмены удачи») комедиясының жаңа нұсқасының тұсаукесері өтетіндігін хабарлап, көрермендер қауымын тағы бір қуантты.
Дереккөзі: www.inform.kz
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады