Бүгiн, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленедіАлғашқы бес отбасы «Қолжетімді баспана – 2020» мемлекеттік бағдарлама бойынша «Бәйтерек» ықшам ауданында салынып жатқан көпқабатты үйден пәтер алды, деп хабарлайды «Казахстанская правда».
Юрий Минаков басқаратын «Жамбылхимқұрылысинжиниринг» ЖШС шеберлерінің жоғары біліктілігі мен мол тәжірибесінің арқасында нысанды мерзімінен бұрын бітруге мүмкіндік берді.
Үйдің сапасы да жақсы. Үш бөлмелі пәтер кілтін алған «Қазгидромет» РМК заңгері Вадим Черняховский мен оның әйелі №14 балабақшада денешынықтыру пәнінің мұғалімі Оксана Логинова пәтердің сапасы мен жайлығына дән риза. Үйдің жоспары жаңа, бөлмелер кең әрі жарық, жалпы алғанда бәрі керемет.
Екі бөлмелі пәтер алған «Таразтехбайқау» компаниясының операторы Жасұлан Жаналиев пен оның жары №1 қалалық балалар ауруханасының медбикесі Шәрбану екі жылдан бері бұл күнді асыға күтті.
Ал тамыз айында «Агроспецстрой» 70-пәтерлі көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын аяқтайды.
Baq.kz
Бүгiн, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленедіКеше, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады12 Қазан, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры