Архив

Астанада БАҚ қызметкерлерінің арасында волейболдан турнир басталды

22.06.2013 05:40

Астанадағы «Алатау» спорт кешенінде Журналистер күніне орай БАҚ қызметкерлерінің арасында волейболдан жолдастық матч басталды, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.

«Биыл біз волейболдан әйелдер арасында турнир өткіземіз. Оған әзірше 2 команда қатысады, дегенмен алдағы жылдары қатысатын командалар саны көбейеді деп ойлаймын. Сіздерге сәтті ойын тілеймін, мен қос команданың да дайындығы мықты екенін білемін. Өздеріңізге «Қазконтент» кубогын жеңіп алуларыңызға тілектеспін», - деді «Қазконтент» АҚ төрағасы Айдос Қыдырма.

«Қазконтент» АҚ ұйымдастырған турнирге 2 команда қатысады, атап айтсақ аталмыш АҚ құрамасы мен «Интерфакс-Қазақстан» ақпараттық агенттігінің құрамасы.

Бақ қызметкерлері «Қазконтент» АҚ кубогы үшін сайысқа түсетін болады.

Еске сала кетсек, Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні 28 маусым күні аталып өтеді.

Сондай-ақ, 29 маусым күні сағат 9:00 - 14:00-ге дейін «Алатау» спорт кешенінде ерлер арасында футболдан турнир өтеді. Оған барлығы 8 команда қатысады: «Қазконтент» АҚ, «Хабар» телеарнасы, «24.kz», «Қазақстан», «KzSport», «Егемен Қазақстан», «Астана Ақшамы» және «Керек Инфо» газеттері қатысады.

Оқи отырыңыз