Бүгiн, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленедіАстана күніне арнайы 73 метрлік қарала сырмақ тігілуде. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясының хатшысы Ерлан Қарин Фейсбуктегі жеке парақшасында хабарлады.
«Жақында осы фейсбук арқылы бір журналист інім, Алматы облысының Текелі қаласында тұрып жатқан, өзі кезінде Қытайдан келген Жұман Зада есімді апамыздың Астана күніне арнайы 73 метрлік қарала сырмақ тігіп жатқанын хабарлап еді», деп жариялады Е.Қарин.
Ұзындығы бойынша рекордтық көрсеткіштегі сырмақ 25 маусымда дайын болады екен.
«Бұл сырмақты сосын Астанада жаңадан салынып жатқан, 9 қабатты Ұлттық тарих мұражайына тапсырмаса, басқа сақтайтын жердің өзін табу қиын шығар», деген ұсыныс жасап отыр Ерлан Тынымбайұлы.
Уикипедияның қазақша нұсқасында сырмақ - киізден жасалып, өрнектелген қазақтың төсеніштері, деп көрсетілген. Көбіне үйдің қабырғалары мен еденін сәндеу үшін қолданылатын қолдан жасалған, арнайы тоқу технологиялары бар бұйымдар.
Бүгiн, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленедіКеше, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады12 Қазан, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры