Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАстана қаласының темір жол вокзалында Электронды сату орталығын құру бойынша ілкі жобаны енгізу 2013 жылдың күзіне белгіленіп, жылдық сату ауқымы кем дегенде 450 мың электрондық билетті құрайды деп жоспарлануда.
Темір жол вокзалындағы электронды сату орталығы тиісті қызметтерді көрсетуге қабілетті автоматтандырылған өзіне-өзі қызмет көрсету кассалары орнатылған жолаушыларға қызмет көрсету залынан тұрады.
Аталған компания баспасөз қызметінің хабарлауынша, электрондық сөреге қосылған автоматтандырылған өзіне-өзі қызмет көрсету кассалары жолаушыға қажет билетін іздеп табуға, оны артық ақшаны алумен қолма-қол ақшаға немесе банк картасы арқылы сатып алуға мүмкіндік береді. Қолма-қол ақшаға сатып алу кезінде артық ақшаны беру қағаз ақшада және тиын түрінде де жүзеге асырылады.
Жобаның екінші сатысында e-Tenge, WebMoney, Yandex ақша және өзге де электрондық ақшалармен төлем жасау мүмкіндігі қарастырылған.
Билеттерді басып шығару отырғызу купоны, чек ретінде жүзеге асырылады. Бір автоматтандырылған кассаның әлеуеті тәулігіне 250 билетті құрайды.
ҚазАқпарат.
Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі