Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерОтандық эстраданың жарық жұлдызы, «Луина» есімімен әнсүйер қауымға жақсы таныс Луиза Кәрінбаеваның жаңа әні шықты деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
Әншінің продюсері Жомарт Сүлейменовтің мәлімдеуінше, сиясы кеппеген туынды Астанаға арналыпты.
«Астана» деп аталатын әнді елорданың 15 жылдық мерейтойына тарту еткелі отырмыз. Сөзі мен әнін Жалын Ғалым жазған шығарманың бағасын тыңдарман бере жатар», - дейді «National Development Group» продюсерлік орталығының негізін қалаушы Жомарт Сүлейменов.
Сондай-ақ, отандық радиотолқындар эфирі арқылы таралып жатқан әнге бейнебаян түсіру де жоспарда бар көрінеді. Ал ән тұсауы «Сарыарқа» велотрегінде өтетін «Асқақтай бер, Астана!» мерекелік гала-концертінде кесіледі.
Луина-Луизаның үлкен сахнаға қадам басқанына екі жылдан асты. Х-фактор музыкалық байқауына қатысып, жартылай финалға дейін жеткен ол қай концертте болмасын жанды дауысты ән шырқағанды ұнатады.
Baq.kz
Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі