Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерОнда батысқазақстандық ескекшілер табысты өнер көрсете алды. Әсіресе, 1 мың метр қашықтықта №1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі Андрей Ергучевтің бағы жанды. Ол биылғы наурызда өткен Қазақстан біріншілігінде байдаркамен жалғыз жарысуда 500 метрден - бірінші, 1 мың метрден екінші орынды иеленген болатын. Жастар ойындарында байдаркамен жұптасып өнер көрсетуде А.Ергучев облыстық жоғары спорттық шеберлік мектебіндегі әріптесі Владислав Глазковпен бірге шымкенттік қарсыластарынан тағы да басым түсіп, жеңіс тұғырына көтерілді. Сонымен қатар байдаркамен төрт адамдық сайыста батысқазақстандықтар шымкенттік ескекшілерді сәл ғана алға жіберіп, күміс жүлдегер атанды. Бұл олимпиадалық қашықтықта (1 мың метр) №1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінен Алексей Новозенко мен Виталий Астафьевтің шәкірттері А.Ергучев пен Даниил Владимирский, сондай-ақ В.Глазков, спортқа дарынды балалар спорт-интернатынан Николай Сапаров (бапкерлері Григорий Дименштейн мен Елена Бровкова) өнер көрсетті.
А.Ергучев 500 метр қашықтықта байдаркамен жалғыз өнер көрсетуде қола, В.Глазковпен бірге жұптық сында күміс жүлдеге ие болды.
Аталмыш спорт мектебінен түскен мәліметке қарағанда, №1 БЖСМ директоры Қанат Дүйсенов ескек есу, жеңіл атлетика сынды олимпиадалық ойын түрлерін дамытуға ерекше көңіл бөліп келеді.
ҚазАқпарат.
Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі