Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерФранцияның әйгілі футболшылары Франк Рибери мен Карим Бензема кәмелетке толмаған жасөспіріммен жыныстық қатынасқа түсті деген айыппен сот алдында жауап беретін болады. Бұл жайында Би-би-си хабарлайды.
Мюнхендік "Бавария" ойыншысы Рибери тағылған бұл айыпты мойындап отыр. Дегенмен, Захия Дахар есімді жезөкшенің 16 жастағы жеткіншек екендігін білмеппін дейді ол.
Ал, мадридтік "Реал" шабуылшысы Бензема болса ешқандай қылмысқа қатысым жоқ дегенді айтып отыр. Тіпті, жезөкшелермен көңіл де көтермедім дейді. Қалай болғанда да, әлем футболының екі жұлдызы Франция сотының алдында жауап бермек.
Ал, Захия Дахар болса дәл қазір 21 жаста. 5 жыл бұрын ол қос футболшыға өзінің жасын өтірік айтып, оларға расында да қызмет көрсеткендігін жасырмады.
Baq.kz
Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі