Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерЖазғы Лондон Олимпиадасының чемпионы Александр Винокуровтың Қызылжар өңіріндегі ізбасарлары жыл санап көбейіп келеді. Бүгінде велоспортты серік еткен 23 солтүстікқазақстандық еліміздің құрама командасында облыс намысын қорғап жүр.
Аймақ басшысы Самат Ескендіров есімі әлемге әйгілі велошабандозды қабылдап, жергілікті жердегі спортты дамыту, кәсіби деңгейін көтеру, жастарды саламатты өмір салтына бейімдеу төңірегінде әңгімелесті. Сөзін байрақты бәсеке жеңімпазының атында спорт сарайы тұрғызылатыны туралы қуанышты жаңалықпен түйіндеп, оған Алғыс хат, велоспорт бойынша балалар және жасөспірімдер мектебінің директоры Владимир Парахинге «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы» атағын тапсырды.
А.Винокуровтың жүлдесі үшін өткен республикалық жарыс 36 шақырымға созылып, петропавлдық Кирилл Пролубников топ жарды. Жалпыкомандалық есепте де жерлестеріміз жеңістің ең биік тұғырынан көрінді. Павлодарлықтар – екінші, қостанайлықтар үшінші орынды иеленді.
Өмір ЕСҚАЛИ,
Солтүстік Қазақстан облысы.
Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі