Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАлматының «Қайрат» футбол клубы қазандық «Рубиннің» және Финляндия құрамасының жартылай қорғаушысы Алексей Еременконы 1,2 миллион еуроға сатып алмақшы, деп хабарлайды «Спорт-Экспресс».
Футболшының «Қайратқа» өтетіні туралы ақпаратты «Рубин» вице-президенті Камиль Исхаков растады:
- «Иә, Алексей Еременконың мәселесі бүгін-ертең шешіледі, қазір «Қайрат» пен «Рубин» клубтары тиісті құжаттарға қол қойып жатыр. Біздің алматы клубымен қарым-қатынасымыз өте жақсы, сондықтан келісімге келу қиынға соққан жоқ.
«Қайраттың» қазіргі жаттықтырушысы Владимир Вайсс бұған дейін 2006-2007 жылдары Еременконың ағасымен жұмыс істеген. Еременко «Рубинге» 2011 жылы тамызда Харковтың «Металлистінен» 500 мың еуроға сатылған. Соңғы екі маусымда Ресей чемпионатында «Рубин» сапында 8 ойын өткізген.
Естеріңізге саламыз, «Қайрат» клубы бұған дейін жаңа ойыншылармен толықтырылған болатын: қақпашы Давид Лория, қорғаушы Самат Смақов және жартылай қорғаушы Жамбыл Көкеев.
Baq.kz
Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі