Кеше, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралдыКелесі аптадан бастап Өскеменнің Сол жағалау ықшам ауданындағы этнографиялық және табиғи-ландшафтық саябағы аумағында шағын пойыз қатынайтын болады. Бұл жайында аталған саябақтың директоры Николай Зайцев мәлім етті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.
Әзірге ол бастапқыда жоспарланғандай, теміржолмен емес, асфальтпен жүрмек. Сөйтіп, бұдан былай көрме кешенін тамашалауға келген қонақтар саябақ ішінде осындай ерекше көлікпен қыдыруға мүмкіндік алады.
Жоба авторларының сөзіне сенсек, вагондар ұзақтығы 6 шақырымды құрайтын жолмен жүйткімек. 40 орындық 5 вагоны бар паровоз қатынас барысында барлығы 16 бекетте аялдайтын болады.
Пойыз зообақ, көрме залдары, балалар қалашығы, «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» атты үйлену кешені, көгілдір көл және Ертіс жағасын бойлай өтеді.
– Алдағы уақытта саябақ ішінде Парсы елі мен Қытай арасын жалғаған Ұлы Жібек жолының маршрутын қайталайтын жол да төселмек. Олармен бірге салынатын теңіз қарақшыларының бухтасы әсіресе, балалардың көңілінен шығатынына сенім мол, – дейді Н.Зайцев.
Кеше, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды20 Шілде, 09:39
«Ботаникалық бақта пикник жасауға болмайды»: рейдтен кейінгі көрініс16 Шілде, 17:14
Финалда Испания жеңіске жетеді – сарапшы болжамы15 Шілде, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?