30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты«Кеңестік дәуірдің құжаттары» сайтында оның хаттары, сөздері, жазбалалары, мақалалары және басқа да құжаттары қойылған. Ашық түрде Сталин қорының және СОКП Орталық Комитеті саяси бюросының барлық 400 мың беттік құжаттары қолжетімді. Бұл жобаның таныстырылымы 11 маусымда өтті.
Мұрағаттың жалпы көлемі 100 мыңға жуық құжатты құрайды. Оны сандық жүйеге көшіруге мамандар бес жыл жұмсады.
«Сталин қоры» бөлімінде «Авторлық құжаттар», «Сталиннің кітапханасынан алынған және ол белгі салған кітаптар», «Өмірбаяндық құжаттар», «Сталиннің 70 жасқа толуына байланысты құттықтаулар», «Сталиннің сырқаттануы мен қайтыс болуына байланысты жолданған хаттар мен желделхаттар» деген санаттар бойынша топтастырылған.
«Российская газетаға» берген сұхбатында «Ресей мұрағатының» директоры Андрей Артизов кеңестік дәуірдің басынан бастап құжаттарды жариялауға бұл кезеңнің күрделі болғаны себеп болды. «Кеңестік дәуірді «жақындата түсіп», бұл кезеңде біз мақтан ете алатын лайықты оқиғаларды және жаңа Ресей неден бас тартуы қажет» деген мәселені айқындау қажет», - деді ол.
Артизовтің айтуынша, бұдан әрі кеңестік мемлекеттің басқа да қайраткерлері - Никита Хрущевтің, Леонид Брежневтің, Вячеслав Молотовтың және басқаларының қорлары жарияланады.
ҚазАқпарат.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды