Бүгiн, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерКатолик шіркеуінің басшысы, Рим папасы Франциск «құдайларға» емес, бір Аллаға ғана сыйынуға шақырды.
Ол бұл сөзін Рим қаласындағы әулие Марта ғибадатханасының мінберінде айтты. «Бір Құдайға иман келтірдім дегендердің өздері Аллаға серік қосып, «құдайларына» табынып жатады», – дейді ол.
«Пұттарға табынудың сарқыншағы әлі күнге дейін қалмай келеді. Исаның өзі Жалғыз Құдайға сыйынып, пұттарға табынудан сақтауды сұраған», – деген Рим Папасы өзінің дініндегілерді Құдайға махаббатпен құлшылық етуге шақырды.
Рим папасының жалпылама ишарат түрінде айтылған сөзінен не дегісі келгенін өзімізше тұспалдадық. Ол осы сөзі арқылы құлшылыққа мойын бұрмай, дін талаптарын былай ысырып тастап, қу дүниені құдайындай көріп, бас қойып, соның соңына түскен, бұдан басқа өзге де нәпсісін тәңірі еткен адамдарды меңзеген болуы керек.
muslim.kz
Бүгiн, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерКеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіКеше, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі