Бүгiн, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер«Асқақтай бер, Астана!» түнгі би кеші жобасының қонағы- америкалық әнші Николь Шерзингер. Атақты әнші тыңдарман қауымға Pussycat Dolls тобының ең белді мүшесі ретінде танымал. Бұл жайында astana.kz сайтына Астана қаласының 15 жылдық мерейтойын ұйымдастырушы комитеттің медиатобы хабарлады.
Жыл сайын қала күніне орай Қазақстан және шетел жұлдыздарының қатысуымен өтетін бірегей гала-концерті «Асқақтай бер, Астана!» елорданың өзіндік бренді ретінде қалыптасып үлгерді.
Биылғы концерт «Сарыарқа» велотрегінде өтеді. Концертке отандық эстраданың танымал өнерпаздарымен қатар әлемдік жарық жұлдыздар қатынасады деп күтілуде.
Мерекеде Луина, Әли Оқапов, Assyl этно-тобы, «Арнау» дуэті, SonPascal, K-Rim, А-Студио, Дискотека Авария, Потап пен Настя сынды өнер жұлдыздары ең танымал туындыларын Астана қаласының 15 жылдық мерейтойына арнамақ.
astana.kz
Бүгiн, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерКеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіКеше, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі