Бүгiн, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚазақстан азаматы Түркияда джип-сафариде қаза тапты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Туыстарының айтуынша, 55 жастағы Нарғыз Садықова жолдасы және бір жанұя мүшесімен бірге Түркияның Белек шипажайында демалыста болған. Олар джип-сафариге шығуды жоспарлайды, қайғылы оқиға да сонда орын алады. Қазақстандықтар мінген көлік 25 метр терең құзға құлайды. Нарғыз оқиға болған жерде тіл тартпай кетеді, ал оның досы ауыр халде ауруханаға жеткізіледі.
Оқиға 7 маусым күні орын алды. Марқұмның туысының айтуынша, қазір мәйітті елге алып келу шаралары қолға алынды. ҚР Анталиядағы (Түркия) елшілігінің мамандары Нарғыздың мәйітін 12 маусымға дейін елге жеткізуге көмектесеміз деп, уәде етіп отыр.
Түрік БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, апаттың салдарынан жеті адам зардап шеккен, олардың арасында Германия және Ресей азаматтары да бар.
Baq.kz
Бүгiн, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерКеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіКеше, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі