Кеше, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынадыАҚШ-та 10 жасар бала үйге ұрлыққа түскен қарақшыларды өз қаруларымен атқан.
Оқиға Бруклинде (Нью-Йорк) болған. FedEx жеткізу қызметі курьерінің киімін киген екі қарақшы үйлердің біріне ұрлыққа түскен. Үйге кірген қылмыскерлер бағалы заттар іздей бастайды.
Үй иесі оларды байқап қалып, реті келгенде қарақшылардың бірінің қолын есікке қысады. Оның қолынан түскен тапаншаны 10 жастағы бала көтеріп, ата бастайды.
Зәре-құты қашқан қонақтар алды-артына қарамай зымырай жөнеледі.
Оқиға болған кезде үйде төрт сәби мен зейнеткерді қосқанда жеті адам болған. Қазір полиция қарақшыларды іздестіріп жатыр, олар ұрлық кезінде бейнекамераға түсіп қалған.
Baq.kz
Кеше, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады12 Қазан, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді