Бүгiн, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерКанн фестивалі аясында өткен Miss Fashion TV халықаралық байқауында Қазақстан атынан шыққан Анар Теміртасова үздік модельдердің ондығына кірді. Бұл туралы OK-Models агенттігінің үйлестірушісі Екатерина Крюкова мәлімдеді.
Астаналық модель Most Liked Models Awards (Көрермен көз айымы) марапатына лайық деп танылып, FTV кристалы сыйға тартылды. Байқауды Румыниялық модель жеңіп алды. Сайыс күндері конференция ұйымдастырылып, қыздар Жан-Клод Ван Дамм, LMFAO тобының солисті, Рози Хантингтон сынды әйгілі тұлғалармен сұхбаттасуға мүмкіндік алды. Ұйымдастырушылар барлық шығындарды өз мойнына алды. Модельдер қонақтаған орын Канн фестивалі өтетін сарайға жақын маңда орналасқан.
Айта кету керек, 17-жасар Теміртасова Кипрде өткен Miss Globe International байқауында ІІ-вице-мисс атағын жеңіп алған болатын.
Baq.kz
Бүгiн, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерКеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіКеше, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі