Бүгiн, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерXVII ғасырда парсы тоқымашыларының қолынан шыққан туынды әлемдегі ең қымбат кілемге айналды. Sotheby's аукционында күні кеше айтулы жәдігер 33,7 миллион долларға сатылды. Бұл жайында Ассошиэйтед Пресс хабарлап отыр.
Сатып алушының аты-жөні белгісіз. Аукциондағы соңғы нүктені ол телефонмен хабарласып қойған. Нәтижесінде рекордтық баға орнап, ол 2010 жылы Лондонда сатылған парсы кілемінің бағасынан үш есе асып түсті.
"Мен алдын ала бұл кілемді 10-15 миллион долларға сатылады деп болжаған болатынмын" дейді Sothebys-дің аға консультанты Мари Жо Отси.
Бұған дейін құнды жәдігер Вашингтондағы Corcoran Gallery of Art мұражайында сақталып келді. Бұл жерге оны XX ғасырдың басында белгілі магнат Уильям Кларк өткізген болатын.
Baq.kz
Бүгiн, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерКеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіКеше, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі