Кеше, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынадыБүгін Еуразия ұлттық университетінде өткен Қазақстан Республикасының ұлттық тарихын зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысында ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин отандық тарихшылардың алдында тұрған міндеттерді айқындады, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.
«Қазақстанның жаңа тарихы - тарих ғылымындағы жаңа бағыт деп айтуға болады. Осыған байланысты ол оқу-әдістемелік жағынан қамтылған толыққанды ғылыми пән емес. Қысқа уақытта осы олқылықтың орнын толтыру біз үшін аса маңызды», - деп атап өтті Тәжин.
Оның айтуынша, Қазақстанның жаңа тарихының ерекшелігі бір жағынан, ол тәуелсіздік алу мен жаңа мемлекеттің қалыптасуының тарихы болып табылады. Екінші жағынан, ол адамзат дамуының жаңа кезеңімен және әлемдегі түбегейлі жаңа құрылыммен сәйкес келді.
«Осы уақытта Қазақстан тарихында орын алған оқиғалардың тарихи маңызы қандай? Бұл оқиғалардың өзгеше даму мүмкіндігі қандай болды? Бұл оқиғалардың қазіргі үдерістердің қалыптасуындағы рөлі қандай? Қазіргі толқын тарихшылардың нақты жауап беруіс тиіс сұрақтардың бірқатары осылар», - деді Тәжин.
Кеше, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады12 Қазан, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді