Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіАстана – сіздің мейіріміңіз бен шат күлкіңізден нәр алатын тірі ағза іспетті. Астананың сіз үшін маңызы қандай, бұл қаланың тіршілік ағымы қандай, ол сіз үшін несімен ерекше, осы сияқты Астанаға деген махаббатыңызды бейнемен көрсетіңіз. Сіздің керемет шығармашылығыңыз бен креативті бейнеңізге бір ай уақыт бар. Бейне 5 минуттық болса, жетіп жатыр.
Алдымен, Kaztube.kz бейне - порталына тіркеліп алыңыз. Одан кейін порталдағы Бейне модуліндегі «Конкурс» категориясына дайын болған жұмысыңызды жүктеңіз.
Соңында бұл конкурс жайлы достарыңызға айтыңыз, олар да бақтарын сынап көрсін. Ал, өзіңіздің бейне-жұмысыңызбен facebook, twitter, vk.com, mail.ru әлеуметтік желілерінде бөлісіңіз. #kaztubeAstana хэштегін ұмытпаңыз.
Бейне-жұмыстардың форматы Avi, mp4, flv, mov, vob, mpg болмақ, өзіңізге қолайлысын таңдаңыз.
Сонымен, конкурс басталды! 5 шілдеге дейін Kaztube.kz бейне - порталы сіздерден бейне күтеді! Конкурсқа қатысқан адамдарға өте-өте бағалы сыйлықтың не екенін айтамыз.
Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіКеше, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік