Кеше, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынадыАлматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Мұрат Телібековке заңсыз ереуіл ұйымдастырғаны үшін жаза ретінде жеті тәулікке қамауға шешім шығарды, деп хабарлайды «Бірге» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыру комитетінің мүшесі Дильнар Инсенова. Бұл ақпаратты Алматы қаласының ІІД баспасөз қызметі растады.
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Қазақстан мұсылмандары одағының басшысын «Бейбіт жиналыстар, ереуілдер, салтанатты шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнаманы бұзу» әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 3-бөлімі 373-бабы бойынша кінәлі деп танып, жаза ретінде жеті тәулікке қамаған.
Телібеков тұрғындарды қала әкімімен кездесуге бастама көтеріп, өзі азаматтық акцияға қатыса алмады. Одақ басшысының атына келіп түскен арыздан кейін оны Бостандық ауданы ішкі істер басқармасының мамандары алып кетті.
Әкімдік алдында өткен акция кезінде құқық қорғау органдарының қызметкерлері шараға белсенді қатысқан Ермек Нарымбаев пен Мәдел Исмайыловты да тұтқынға алған.
Baq.kz
Кеше, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады12 Қазан, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді