Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіДидардың жан досы Көшім мектебінің оқушысы Сергей Шәкімов өткен жылдың желтоқсан айында шала қатқан мұз үстінде сырғанақ теуіп жүріп, суға кеткен болатын. Содан Сергеймен бір залда жаттығып, ажырамас дос болып кеткен Дидар досының рухына бағыштап жарыс өткізуді ойлады. Жастайынан жетімдік тауқыметін тартып өскен ол, еске алу турнирін өткізу жөніндегі ұсынысын жаттықтырушысына айтып, өзінің жәрдемақысынан 30 мың теңге берген. Балғын спортшының бұл бастамасына айрықша риза болған ұстазы Руслан Есенғалиев ұйымдастыру шараларына бел шеше кірісіп, жарысты ойдағыдай өткізді. Турнирге қатысқан Орал қаласы мен аудандарынан келген 7 команда боз кілем төрінде тамаша өнер көрсетті.
Бақилық болған досының құрметіне ашық турнир ұйымдастырып, жасөспірімдер арасында спорттың дамуына елеулі үлес қосқан қаршадай Дидар бұл ісімен көпке өнеге көрсетті.
ҚазАқпарат.
Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіКеше, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік