Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіОсыған орай, ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов ҰБТ-ны тапсыру пункті ұйымдастырылған Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне келіп, түлектерге сәттілік тіледі.
«Емтихандарыңыз құтты болсын! ҰБТ-да қолданылатын тест тапсырмаларының қоры бiрнеше рет сараптамадан өттi. Қазақстан тарихы пәнi бойынша тест сұрақтарын тәуелсiз сарапшылар тексердi. Ендi мектеп түлектерi келеңсiз сұрақтарға тап болмайды. Себебi оның қорынан ондай сұрақтар алынып тасталды», - деді министр.
Б. Жұмағұловтың айтуынша, биыл ҰБТ-ға 100 мыңға тарта түлек қатысады. Бүгiн олардың 25 мыңы сынақтан өтеді. Осыдан 10 жыл бұрын Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасымен Ұлттық бірыңғай тестілеу Қазақстанға енгізiлен болатын.
Астанада ҰБТ Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде және Қазақ гуманитарлық заң университетінде өтеді. Алғашқы күнде ҰБТ-ны 2 мың елордалық түлек тапсыратын болады.
ҰБТ-ның әрбір пунктінде мемлекеттік комиссиялар, апелляциялық комиссиялар жұмыс істеуде. Министрлік жанынан Республикалық апелляциялық комиссия құрылды.
Өңірлерде жергілкті атқарушы органдар мен мемлекеттік комиссиялар ҰБТ-ны сәтті өткізу үшін барлық жағдайларды жасады.
ҚазАқпарат.
Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіКеше, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік