Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіҚР Таеквондо федерациясы (WTF) БАҚ өкілдерін Олимпиада ойындарының таеквондодан қол жүлдегері Арман Шылманов өткізетін шеберлік дәрісіне шақырады. Іс-шара Балаларды қорғау күніне орайластырылған.
Шеберлік дәрісіне таеквондомен шұғылданатын 15 жасқа дейінгі балалар қатысады. Олар еліміздің ең мықты таеквондошысынан шығыс жекпе-жегінің қимыл-қозғалыстарын үйрене алады.
Арман Шылманов – Бейжіңдегі Олимпиада ойындарының (2008 жыл) қола, Копенгагендегі әлем чемпионатының (2009 жыл) қола жүлдегері, Азия чемпионы (Бангкок, 2006 жыл), Азия чемпионатының қола (Амман, 2002 жыл) және күміс (Астана, 2010 жыл) жүлдегері, Азия ойындарының таеквондодан үш мәрте қола (Пуссан-2002, Катар-2006, Гуанчжоу-2010) жүлдегері.
Шеберлік дәрісі «Қазақстан» Спорт сарайында (Қажымұқан көшесі, 7 үй. Асхата Жіткеевтің залы) өтеді. Басталуы - 31-мамыр күні сағат 12:00-де.
Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіКеше, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік