Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіФейсбук пайдаланушылары 31 мамыр қуғын сүргін құрбандарын еске алу күніне орай әлеуметтік желіде өздерінің жеке немесе мұқаба бетіндегі суреттерін көк және қара түсті жолақ ленталарға ауыстыра бастады, Bnews.kz тілшісі.
«Менің ойымша, 31 мамыр күні қарсаңында қазақ жастары қара-көк бау, ал Алаш апталығына ақ-көк бау немесе белгі тағуына болатын сияқты», деп көк және қара түсті аза-жолағын жасау туралы ұсынысты белгілі саясаттанушы Айдос Сарым ұсынған еді.
«Көк байрағымыздың түсі. Қара - азамыздың айғағы. Ақ - ниетіміздің ақтығын танытар түс», деп түсіндіреді А.Сарым.
Бұл ұсынысты көптеген әлеуметтік желі пайдаланушылары қолдап, мамыр айының соңына қарай өзінің суреттерін көк және қара түсті жолақты өз бейнелерімен ауыстырды.
Айта кетсек, бүгіннен бастап белсенді жастар қоғамдық бастама көтеріп, Алматыда қуғын сүргін құрбандары күніне орай көк-қара үсті лента шығарды. Оны онлайнда емес енді кеудеге немесе көлікке тағып алуға болады.
«1921-23, 1931-33, 1937-38 жылдары қолдан ұйымдастырылған аштықтан қырылған және қуғын-сүргін құрбаны болып атылған миллиондаған ата-бабаларымызды еске алып, тағзым етіп, оларға құрмет көрсетуге шақырамыз», дейді бастамашылар.
Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіКеше, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік