Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіБұл туралы Vesti.kz жазады.
Еншісіндегі 865 ұпаймен Британдық Sky Procycling құрамасы бірінші орынды сақтап қалды. Ресейлік «Катюша» (681 ұпай) екінші, испандық Movistar (602) үшінші сатыға жайғасты. Қазақстандық құрама 473 ұпай жинаған.
Жеке рейтингте «Джиро д'Италияда» жеңімпаз танылған «Астананың» капитаны итальяндық Винченцо Нибали 20-шы сатыдан 2-шіге көтерілді. Спортшы тізімнің көшбасшысы швейцар Фабиан Канчелларға (RadioShack-Leopard) 29 ұпай бойынша есе жіберіп отыр. Үшінші саты словакиялық Петер Саганға (Cannondale Pro Cycling Team) бұйырды.
Ұлттық рейтингте 766 ұпаймен колумбиялықтар бірінші орынды иеленіп отыр. Итальяндықтар 720 ұпаймен 5-ден 2-ші орынға көтерілді. Ал бірден екі позицияны жоғалтқан испандықтар 707 ұпаймен - үшінші орында. Қазақстандық велошабандоздар төрт ұпаймен тізімнің 29-ыншы сатысына жайғасты.
ҚазАқпарат.
Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіКеше, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік