18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?
«Бүгінгі шеру еліміздің қарулы күштерінің әрдайым кез-келген жайтқа дайын екендігін көрсетті. Артиллеристер, ұшқыштар және өзге де әскери мамандар жаттығулардың жоғарғы деңгейін көрсетіп отыр. Бүгін баршаңыз тамаша өнер көрсеттіңіздер!» деді Нұрсұлтан Әбішұлы жауынгерлік парадтың жабылу салтанаты барысында.
Сарбаздардың бүгінгі еңбегін бағалай келген Елбасы айтулы шараның жастарды патриоттыққа тәрбиелейтін басты құрал екендігін де мәлімдеді.
«Бүгінгі шара бүкіл халқымыздың тыныштығы мен елдің тәуелсіздігі қарулы күштердің қолында екендігін тағы бір көрсетті. Мұндай шара жастарымызды патриоттыққа баулиды. Бүкіл ел, Қазақстан халқы бүгінгі шеруді көріп, қуанып отыр. барлық жаттығуды қатесіз орындап шықтыңыздар. Мен сіздерді Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!» деді Мемлекет басшысы тұңғыш жауынгерлік парадқа қатысқан сарбаздар мен әскери мамандарға.
Айта кетейік, бүгін тәуелсіз Қазақстанның тарихында тұңғыш рет елімізде жауынгерлік парад өткізілді. Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай өткізіліп отырған айтулы шараға 7 мың сарбаз бен 80 ұшақ және 400-ден астам әскери техника жұмылдырылды.
Baq.kz
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр